Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен «Қауіпсіз еңбек- әрбір адамның құқығы» тақырыбында іс-шара өткізі
Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жыл сайын Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы үрдісті жалғастырды. Қалалық кәсіподақ ұйымына қарасты барлық 45 бастауыш ұйымдар арасында «Қауіпсіз еңбек- әрбір адамның құқығы» атты қалалық плакаттар байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 43 жұмыс қатысты. Жеңімпаздар Жезқазған қалалық білім қызмекткерлері кәсіптік одағының арнайы грамоталарымен,гүл шоқтарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кәсіподақ ұйымының және жұмыс берушінің өкілдері құрамынан құрылған сарапшылар байқаудың ең үздік плакаттарын тандады және үздік жұмыстардың иелеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында 28 сәуір –Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында білім саласына және кәсіподақтың жұмысына сіңірген еңбегі үшін бірқатар кәсіподақ белсенділері Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының, Жезқазған қаласы әкімінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы төрағасының Құрмет Грамоталарымен, Жезқазған қаласының білім бөлімі басшысының және Жезқазған қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Жезқазған аумақтықкәсіподақ ұйымы» ҚБ
-
Фото
-