
«...Бәрі де қарапайымнан басталады...»
Жуырда Атырау обллысы, Исатай ауданына қарасты жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебінің базасында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» Исатай аудандық филиалының жұмыс жоспарымен білім беру мекемелерінің газ операторлары үшін 7 мамыр Қазақстан Отан қорғаушылар күніне арналған «...Бәрі де қарапайымнан басталады...» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ондағы мақсат -қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетіп, оның мәртебесін көтеру, өмірдегі не бір ғажап нәрселердің барлығының да тек қарапайымдылықтан басталатындығын түсіну, «Адамды адам еткен, еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалайтынымыз туралы ортақ пікірге келу болатын.Мерекелік шараға 13 білім беру мекемесінен газ операторлары қатынасты.
Шара мектеп оқушыларының сазды бағдарламасымен басталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінденде еңбек адамына ерекше назар аударған болатын. Осы орайда, қарапайым еңбегімен бірнеше жылдан маусымдық жұмыс болса да, білім беру мекемелерінің жылу қазандарының үздіксіз жұмыс жасап, білім мекемелерінің қызметкерлер мен оқушылар үшін бірқалыпты жылынуын мұқият қадағалап жүрген қарапайым жандар өмірінен фото слайдтар дайындалып көрсетілді. Олардың ішінде үшеуі әйел адамдар болса, ер азаматтардың барлығы да Отан алдындағы борышын өтеп, кеңес армиясы, тәуелсіз Қазақстанның әскері қатарында болғандар.
Ал, «Балдәурен» балабақшасынан келген Жантемір Махсотұлы-ауған соғысының ардагері, «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге Ауғаныстан халқынан алғыс», «Ұрыс әрекеттерінің ардагеріне», «Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына-15 жыл», «Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына-20 жыл»,«Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына-25 жыл» медальдарымен марапатталған.
Жантемір Мақсотұлы «Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол-дихан бола ма, ол-малшы бола ма, ол-жазушы бола ма, ол-өнер адамы бола ма, актер бола ма, оператор бола ма бәрібір. Қарапайым еңбек адамы-құрметке лайық адам деп ойлаймын»- деп өз ойын білдірді.
Мерекелік шараға қатынасқан жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің газ операторы Ұзақбайұлы Бисенбай ағай: «Мен ерінбей еңбек етіп жүрген жанның бәрін еңбек адамы деп білемін. Біз міне, қаршадайымыздан сондай еңбекқор кісілерді көріп өстік. Олар қоғамның жұмысы ма, елге ортақ іс пе-еш қажымайтын. Мен де қарапайым еңбек адамдарын қадір тұтамын»-деп, өзінің ризашылық сезімін білдірді.
Қарапайым еңбек адамдары туралы «Адал еңбек өтеуі», «Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі», (Қытай), Қарапайымдылық-ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де»-атты деректі роликтер арқылы қатынасушылар қарапайым еңбек туралы өз пікірлерін айтты.
Қатынасушаларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» Исатай аудандық филиалының төрайымы К.Дузбаева ҚР еңбек Кодексі, ұжымдық шарт арқылы олардың құқықтарының қорғалуы, оларды әлеуметтік қолдау тақырыбында айтып, сұрақтарына жауаптар берді.
Қатынасушыларға мерекелік дастархан мәзірі ұсынылып, барлық қатынасушыларға шарадан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебінің меңгерушісі С.Калиева мектепте газ операторы болып, бүгінде зейнет жасына жеткен Мина Хайрлықызына ризашылық сезіммен бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпатын ұсынды.
Иә, Л.Толстой айтқандай, қарапайымдылық-моралдық сұлулықтың басты шарты,- деп айтқандай, осындай қарапайым жандарды құрметтеу, оларды әлеуметтік қолдау кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі. Өйткені, адам қандай дәрежеде еңбек етсе де оның жаны қаншалықты қарапайым болса, ол соншалықты сұлу болмақ.
Өз тілшіміз
-
Фото
-