.jpg)
Мұғалжар ауданындағы «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күні
Ақтөбе облысыМұғалжар ауданы білім бөліміне қарасты 70-ке жуық мекеме ұжымдарында жыл сайын «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күнін атап өту дәстүрге айналған. Биылғы жылы да осы үрдіс жалғасын тауып, мекемелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде апталықтар жоспарланып, онда жиналыстар, семинарлар, баяндамалар, пікір талас, дөңгелек үстелдер, қабырға газеті, сенбіліктер, спорттық сайыстар, викториналар, тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, «Жұмыс орында еңбекті қорғау», «Адам өмірінің басты құндылығы – еңбек», «Алғашқы еңбек жолын бастау» атты дөңгелек үстелдер өткізіліп, «Еңбекті қорғау», «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» тақырыптарында баяндамалар жасалды. «Еңбек адамның көркі, Адам заманның көркі», «Еңбек еткеннің мерейі үстем» атты тренингтер, «Стрестен аулақ болайық» атты коучинг, сенбіліктер, спорттық сайыстар өткізілді. Мұғалжар орта мектебінде өткізілген «Жұмыс орындағы күйзеліс» тақырыбындағы сұхбат сабағында қызметкерлердің денсаулығы, өмірі басты назарда екендігі, еңбек қауіпсіздігі әрбір қызметкерге қатысты екендігі, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың ролі, еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.«Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне арналған іс-шараларды өткізуде жоғары белсенділік көрсеткен төмендегі білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын атап өтуге болады. Ақкемер, Мұғалжар,Ембі №1, Жаңажол орта мектептері, «Қарлығаш», «Балапан» балабақшалары және т.б. мекемелер.
Жалпы білім бөліміне қарасты мекемелердің еңбекті қорғау күніне өткізілген іс-шаралардың мақсаты – еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшы, қызметкерлермен жұмыс берушілердің ақпараттық қамсыздануын арттыру, еңбекті қорғаудың мәселелері, жұмыс орындағы жазатайым оқиғаларды болдырмау. Жұмыс берушілер жұмыс орында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағанда, адам өмірі мен денсаулығын сақтап қана қоймай өнімді еңбекке қол жеткізетіндігі ақиқат. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға жетеміз.
Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандықбілім
қызметкерлерікәсіподағының төрағасыЕ.Шымқаев
-
Фото
-