.jpg)
Қауіпсіз еңбек – адам өмірінің кепілі
28 сәуір – «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы және №3 Қарауылкелді орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдары техникалық қызметкерлердің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек – адам өмірінің кепілі» атты шара өткізді. Ауылдық жерлерде кездесін жазатайым жағдайлар, кездейсоқ, тосыннан орын алатын өндірстік жарақаттар туралы айтылып, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы заңнамалар туралы түсіндірілді. Қызметкерлерді жұмыс орнында жарақаттану, стресске шалдығу, адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болу жағдайларынан сақ болуға шақырды. Сынып мұғалімдеріне, еден жуушыларға, кіші медицина қызметкерлеріне арналған еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-