Талдықорған өндірістік индустрия және жаңа технологиялар колледжі негізінде «Еңбекті қорғау - қауіпсіздік кепілі» тақырыбында шара өтті
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні.Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде канадалық, американдық жұмысшылардың бастамасымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынанқолдау жөнінде бастама көтерген. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік еріктікәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Осы күнге орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен Талдықорған өндірістік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің базасында «Еңбекті қорғау - қауіпсіздік кепілі»тақырыбында практикалық семинар өтті.
Еңбек мәртебесін көтеру, білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында өткен семинар барысында білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу шаралары, өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру жолдары қарастырылды. Қатысушылар өндірістік шеберханаларды аралап көрді.
Шараға білім беру мекемелеріндегі өндірістік кеңестің мүшелері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар,облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қ.Жақсылық, Алматы облысының мемлекеттік Еңбек инспекциясының инспекторы Ә.Карипов қатысты.
Кездесу соңында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ белсенділері облыстық кәсіподақ орталығының және Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-