
Еңбек адамына - лайықты өмір
28 сәуір -Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні қарсаңында Қызылорда қаласы №212 мектеп-гимназиясында шара өтті. Шараға Кызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Сермағанбетов Серік Сағитжанұлы, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайым орынбасары Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша Мыржақыпқызы және қала мектептерінің техникалық инспекторлары қатысты.
Кызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Сағитжанұлы өз сөзінде: Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда білім саласындағы жұмыстарды атап өтті. №212 мектеп –гимназия директоры Г. Тилеуова ұжымдық шарттың орындалуы туралы баяндаса, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Омарова өз тәжірибесімен бөлісті. №112 мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы А. Сармолдаева еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің жұмыстарына тоқталып өтті.
Шарада №23, №140, №112 мектептің техникалық инспеторлар жұмысының көрмесі ұйымдастырылды. Өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлар жұмысын пәрменді ету – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі. Кәсіподақтар еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігіне байланысты өзекті мәселелерді ұдайы назарда ұстап келеді.
Гүлзира Омарова
-
Фото
-