«Кәсіподақ күші - бірлікте»
«Кәсіподақ күші - бірлікте» аттыбілім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектепте 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара болды. Шарада «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Ескалиева Гүлнар Бабабекқызы, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша Мыржақыпқызы ұстаздар ұжымымен кездесті. Сондай ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының әдістемелік кабинетінде болып, атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты.
Мектеп директоры Садыкбекова Анжелика Ақмырзақызы әлеуметтік әріптес ретінде 2016-2018 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттың орындалып жатырған басым бағыттарына тоқталып өтсе, ал бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Акимбаева Баян кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы жұмыстарына презентация жасады. Және де шара қорытындысымен «Біздің кәсіподақ ұйым» тақырыбында үш тілде жазылған эссе байқауының жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-