
Ескелді ауданында «Кәсіподақ - қауіпсіз еңбек үшін» тақырыбында қоғамдық қабылдау өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Титов атындағы орта мектепте «Кәсіподақ- қауіпсіз еңбек үшін»тақырыбында қоғамдық қабылдау өтті.
Ұйым мүшелері аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Айтбузиноваға мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Кіші қызметкерлердің еңбек ақысының төмендігі, кәсіподақ мүшелері балаларын сауықтыру, бала күтімі бойынша демалыста болған ұстаздың жұмысқа қайта шығуына байланысты еңбек шартын бұзу т.б. өзекті мәселелер қоғамдық қабылдаудың арқауы болды.
Қоғамдық ұйымның жетекшісі А.Айтбузинова сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілуін бақылауға алатындығын жеткізді.
ГҮЛНАР БАЙСАҚОВА,Ескелді аудандық
кәсіподақкомитетінің сектор меңгерушісі
-
Фото
-