
Абай атындағы орта мектебінде 2018-2019 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды
20 сәуір күні Қаратал ауданы «Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті. Мектеп директоры Мұрат Түлеубай және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Еңлік Қоханова ұжымдық шарттың орындалуы барысы бойынша ұжым алдында есеп берді.
Мектеп басшысы ұжымда еңбек адамына жасалған әлеуметтік кепілдіктерге - қауіпсіз еңбек, лайықты еңбекақы, ұстаздардың демалысы сияқты мәселелерге тоқталды.
«Ұжымдық шарт еңбек ұжымындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады. Біз қызметкерлердің құқықтарын сақтау кепілі болатын, басшылық мен ұжым арасындағы өзара қатынастарды реттейтін нақты құжатты қабылдауымыз қажет. Ал кәсіподақ ұйымы және мектеп әкімшілігінің басты мақсаты аталмыш маңызды құжат баптарының, ҚР Еңбек кодексінің орындалуын қамтамасыз ету. Осы ретте, ұжымда еңбек ететін 57 қызметкердің қатысуымен ұжымдық шартың әр пункті талқыланады», - деді өз есебінде кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Е.Коханова.
Жиналыс соңында таяу үш жыл, яғни 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды.
ЕҢЛІК КОХАНОВА,«Абай атындағы орта мектебі Балқаш
бастауыш мектебімен» КММ кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-