І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Бірлігі жарасқан білім ордасы» атты мерекелік шара өтті
Жуырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Бірлігі жарасқан білім ордасы» атты іс-шара өтті. «Қарлығаш» сауықтыру лагерінде өткен бұл той Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне арналды.
Мерекеге 300-ден астам университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері қатысты. Ұжым мүшелерін университет ректоры Қ.Баймырзаев құттықтап, көтеріңкі көңіл күй тіледі.
Жиналған қауымға Наурыз көже молынан таратылып, палау мен ыстық бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік туғызылды. Шара қазақи дәстүрдегі той салтанымен жалғасты. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қыз ұзату көрінісі қойылып, жеті нан таратылды. Арқан тартыс, гір көтеру, асық ату, бұқа сайыс т.б. ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар қомақты сыйлыққа ие болды.
Көптің көңілінен шыққан мереке соңында қатысушылар шара ұйымдастырушылары – кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірілді.
Табиғат аясында өткен тамаша демалыс университет ұжымына тың серпіліс берді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-