
Қаратал ауданында «Үздік жыл мұғалімі - 2018» байқауы өтті
Жуырда Қаратал аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен «Үздік жыл мұғалімі-2018» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау.
Берілген тапсырмаларды бағалаудың нәтижесі бойынша әділқазылар алқасы жеңімпазды (Бас жүлде), жүлдегерлерді (1,2,3 орын) және «Ұлағатты ұстаз, «Ұстаз - тренер», «Педагог-модератор», «Ұстаз - ментор» номинациялары бойынша лауреаттарды анықтады.
Жеңімпаз, жүлдегерлер, лауреаттар білім және ғылым қызметкерелрі кәсіподағы Қаратал аудандық комитетінің арнайы сертификаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Атап айтқанда, Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Е.Дандыбаев бас жүлдені иеленді. Аудандық кезеңнің жеңімпазы 2018 жылы қыркүйек-қазан айларында өтетін облыстық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Байқауға аудан мектептерінен 20 конкурсант қатысты.
АСХАТ ИСАБАЕВ,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған
аумақтық ұйымына қарасты Қаратал аудандық комитетінің төрағасы
-
Фото
-