
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Өткен жұмада Т.Рысқұлов ауданында білім мекемелерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен ұстаздардың қатысуымен аудандық семинар өтті.
Әлеуметтік әріптестік туралы облыс әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған Келісімнің нормаларын түсіндіру мақсатында өткен басқосуда алғашқы болып сөз алған Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жалақы төлеу, еңбек жағдайларын оңтайлы ету, қызметкерге заңмен көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктердің сақталуын көздейтін құжаттың нормаларымен таныстырып өтті. Өз кезегінде кәсіподақтың бас инспекторы Берік Баймағамбетов Келісімнің әр тарауына жеке-жеке тоқтап, онда орын алған өзгерістерді егжей-тегжейлі айтып шықса, Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбеков Елбасы тапсырмасына сәйкес ұстаздардың жалақысын арттыруға байланысты олардың біліктілігін дәлелдеуі қажеттігін және оның жолдары мен тәртібін тәптіштеп түсіндіріп берді.Жиын соңы сұрақ-жауап сағатына ұласты.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-