Талдықорғанда мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары байқауға қатысты
20 сәуір күні Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына арасында «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалі өтті.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатындаөткен шарада қатысушылар күн тәртібі бойынша бағдарламаға сәйкес оқу қызметінің бейнежазбасын 8-10 минут қорғады. Фестивальға ұсынылған жұмыстарды І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мамандары бағалады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
І орын– А.Ақылбекова, Кербұлақ ауданы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
ІІ орын– Л.Адилбекова, Талдықорған қаласы №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасының бейнелеу өнері мұғалімі
ІІ орын – М.Мамырбекова, Текелі қаласы, №2 балабақшасының тәрбиешісі
ІІІ орын – Р.Жапсарбаева, Қаратал ауданы №25 балабақшасының тәрбиешісіІІІ орын–Б.Сеилжанова, Алакөл ауданы, «Нұрлытаң»балабақшасының тәрбиешісі иеленді.
Білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Г.Омарова жүлдегерлерді құттықтап, қоғамдық бірлестік атынан Құрмет грамоталарын тапсырды.
Фестивальға 17 педагог қатысты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-