
ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ - ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында құралған арнайы ақпараттық-насихат тобы Кәсіподақтың Біріккен комитеті Филиалының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кәсіподақ үйінің Мәжіліс залында өткен жиынға білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ төрағалары мен үйірме жетекшілері қатысты. Семинар барысында кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының жарғылық міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы Ерұлан Мағзымбеков айтып өтсе, «2018-2020 жылдарға қабылданған Әлеуметтік әріптестік актілерінің нормалары мен ережелері және оларды қолану тәртібі туралы» құқықтық қызметтің басшысы Берік Баймағамбетов, «Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу түйіткілдері мен педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа Ережесі» туралы Жанболат Орынбеков баяндады.
Жиын соңы сұрақ-жауап сағатына ұласты.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-