
ТАРАЗДА КЕЛІСІМ АЯСЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕУ ӨТТІ
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №30 орта мектебінің мәжіліс залында 2018-2019 жылдарға арналған ҚР Кəсіподақтар Федерациясының ұсынған кәсіподақ қозғалысын модернизациялауға арналған жол картасынын іске асыру мақсатында облыстық білім басқармасы мен Кәсіподақтың облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға арналып қабылданған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру, насихаттау бойынша кездесу өтті.
«Еңбек және салалық заңнамаларды, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбындағы жиынға қалалық білім бөліміне қарасты білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-