
Үш жақты салалық келісімге салтанатты түрде қол қойылды
2018 жылдың 18 сәуірінде облыстық аумақтық кәсіподақ орталығының мәжіліс залында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған үш жақты салалық келісімге салтанатты түрде қол қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы білім және ғылым саласындағы жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік – экономикалық жағдайын қорғаудағы әлеуметтік әріптестіктің тараптары үш жақты келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Қол қою рәсіміне салалық кәсіподақтың белсенділері мен аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Е.Е.Нұрақаев қатысып, тараптардың мәмлеге келуімен құттықтады.
18 апреля 2018 года в зале заседаний областного профсоюзного центра Северо-Казахстанской области КГУ «Управление образования акимата СКО», Палата предпринимателей СКО и ОО «Северо-Казахстанская областная организация Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образования и науки» подписали отраслевое трехстороннее соглашение на 2018-2020 годы.
Представители сторон отметили значимость подписанного документа: защита трудовых, социально-экономических прав и законных интересов работников, прав и интересов работодателей – организации отрасли образования области.
-
Фото
-