«СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Студенттер кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2-5 сәуір аралығында «Студенттік көктем-2018» өнер фестивалі болып өтті.
Шараның негізгі мақсаты – студент жастардың қоғамдағы белсенділігін және мәдени-шығармашылық әлеуетін арттыру, орындаушылық шеберлігін шыңдау, дарынды студенттерді қолдау.
Сайыс жалпы 5 кезеңнен тұрды. Оған 6 факультеттен 6 команда қатысты. Нәтижесінде Экономика және ақпаратты технологиялар факультеті барлық кезең бойынша үздік деп танылып Бас жүлде иеленді. Ал Филология, тарих және құқық факультеті І орыннан көрінсе, жүлделі ІІ орынды Жаратылыстану иеленді. ІІІ орынды Педагогика факультеті қанағат тұтты.
Жеңімпаздарға «Студенттік көктем-2018» өнер фестивалінің қорытынды гала-концертінде Студенттер кәсіподақ комитеті ұсынған арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Студенттер Кәсіподақ комитетінің
төрағасы Шәкизат Қаратайұлы
-
Фото
-