«Махаббат – мәңгі ертегі» атты байқауы өтті
Білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитеті жанындағы Жастар кеңесі және Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-ші сәуір күні Қармақшы аудандық Шамшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде 35 жасқа дейінгі ұстаздар жұптарының арасында «Махаббат – мәңгі ертегі» атты байқауы өткізілді.
Байқауға 7 аудан, 1 қала атынан 8 жұп қатысып, ғашықтар жұбын таныстыру, ғашықтар өнері, ғашықтың тілі – тілсіз тіл, ситуациялық сұрақтар, ғашығыңмен бір билеші атты 5 – кезең бойынша сайысқа түсті. Байқауда І орынды Сырдария ауданының ұстаздар жұбы Садыков Ерболат, Кудебаева Нургул иеленіп, сыйлыққа телевизор, ІІ орынды Жаңақорған ауданының ұстаздар жұбы Утебаев Асылжан, Әбуова Рәбиға иеленіп, сыйлыққа тігін машинасы, ІІІ орынды Қызылорда қаласының ұстаздар жұбы Амантаев Нурканат, Байзақова Салтанат иеленіп, сыйлыққа самаурын табысталды. Қалған жұптар «Көрермендер көзайымы», «Жарасымды жұп», «Өнерлі жұп», «Нәзік гүлім», «Жаңалық жаршысы» номинацияларымен марапатталып, сыйлыққа кербез сағаттары тапсырылды.
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық кәсіподақ
ұйымының төрайымы Молдабаева Жулдызай