
Жаңақорған ауданы білім саласы қызыметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқару» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті
11-сәуір күні Жаңақорған ауданы білім саласы қызыметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқару» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Семинар –кеңеске облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Гүлнар Есқалиева модераторлық етті.Сондай-ақ семинар-кеңеске облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының заңгерлері Өтегенова Нұргүл, Жүнісұлы Ербол қатысты.
Семинар-кеңесті ашқан модератор Г.Есқалиева жаңадан болған бастауыш кәсіподақ ұқйымдарының төрағаларына Кәсіподақ ұйымындағы негізгі құжаттар мазмұнының құрылымын таныстырып өтті,сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыруды неден бастау керек,қалай тиімді өрбітуге болады,кәсіподақ беделін қалай арттыруға болады деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғады,ұтымды пікірлер айтты,кәсіподақ жұмысының жаңа түрлері мен әдістеріне тоқталып,ақпараттық технологияға кеңінен тоқталып өтті.
Заңгер Нұргүл Өтегенова бастауыш кәсподақ ұйымының төрағалары қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау барысында басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттарға тоқтала отырып,ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына қойылатын талаптарға тоқталып өтті.Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік мәселесі,оның тиімділігін арттыру жолдарын әңгімеледі.сөз барысында заңгер Ұжымдық шарт,оны орындау көрсеткіштері және оларды бақылау әдістеріне кеңінен тоқталды және осы мәселеге байланысты қойылған сұрақтарға толығынан жауап берді.
Келесі кезекте заңгер Ербол Жүнісұлы Жеке еңбек даулары,оларды шешу тәртібі жайлы айтып, Еңбек тәртіптемесі қағидалары,тәртіптік шаралар,еңбек қатынастары,олардан туындайтын еңбек даулары жайлы толығынан мағлұмат беріп өтті.Семинар-кеңес қызықты да тартымды өтті.Семинарды қорытындылаған аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов қатысушылар атынан облыстық білім саласы кәсіподағы қызметкерлеріне қатысушылар атынан рахмет айтып,істеріне сәттілік тіледі.
Айсұлу Пазылова Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы
-
Фото
-