Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов пен Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жетекші маманы А.Серимбетов Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Е.Нұрғалиевпен, кәсіподақ белсенділерімен кездесті
13 сәуір күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов пен Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жетекші маманы А.Серимбетов Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Е.Нұрғалиевпен, кәсіподақ белсенділерімен кездесті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Булебаева ұйымда өткізіліп жатқан жұмыстар, алдыңғы кезеңге жоспарлар мен мақсаттар туралы айтты. Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы, 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары, жас студенттік кәсіподақ жұмысын жандандыру, еңбек заңдылықтары, келісім комиссиясы туралы айтылып, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-