
Талдықорғанда үздік сабақтар фестивалі өтті
10 сәуір күні Алматы облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты үздік сабақтар фестивалінің ақтық кезеңі өтті.Білім беру саласында кәсіби, білікті, талантты педагогтарды анықтау және қолдау мақсатындаөткен шараға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы қолдау көрсетті.
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің базасындаөткен фестивальға Алматы облысындағы 13оқу орны қатысты.
Шара барысында қатысушылар жаңа білім беру мазмұнын игеру, сабағын жоспарлау, жаңа технологияларды меңгеру деңгейін көрсетті.
Қызықты өткен жарыста бірінші орын Талдықорған агротехникалық колледжінің мұғалімі Салтанат Сазанбаеваға, екінші орын Алматы экономикалық колледжінің оқытушысы П.Юсуповға бұйырды. Ал үшінші орынды Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімі Жанәділ Беков пен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің мұғалімі Олжас Байболатов өзара бөлісті.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-