ЖАС ҰСТАЗДАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Павлодар облысы Павлодар ауданындағы Шақат жалпы орта білім беру мектебінде облыстың аудандарынан жиналған жас мамандар мен педагогтар бас қосты. Жастардың бас қосуы тек кәсіби шараға қатысты ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге де бет бұру мақсаты көзделді.
Форумның пленарлық мәжілісінде алғы сөзбен Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Құсайынқызы Сейітқазина, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов, Павлодар ауданы мәслихатының хатшысы Айтуған Абылайұлы Шайхимов, Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы, Жастар кеңесінің төрағасы Ернар Серікқалиұлы Иманбаев «Жетістікке жету жолдары» тақырыбын жан-жақты тарқатты.
Бүгінгі жас педагогтарға өзінің пәнін жетік білумен қатар, басқа саланы игеру, зерделеу әрі зерттеу талабы қойылса керек. Бұл орайда Павлодар және Ақсу қалаларынан шақырылған Виталий Кожокар мен Фархат Еңсебаев сонымен бірге Шақат орта мектебінің ұстазы, Павлодар ауданы Жастар кеңесінің төрағасы Дмитрий Карпеченко, Б.Ахметов ат. Павлодар педагогикалық колледжінің студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Арынова құрылтай қатысушыларын үш топқа бөле отырып, тренерлік мақсаттарын орындады. Жас мамандарға өздерінің білікті тәжірибелерін, еңбекке бейімделу әдіс-тәсілдерін, кәсіподақ жобаларын, рухани жаңғырудағы қойылған негізі міндеттерді жүзеге асыру іспетті түйіткілдер мен мәселелерге жеке тоқталды.
Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Виталий Кожокар бос уақытты тиімді өткізудің жолдарымен, өзінің күнделікті волонтерлік бағыттағы тәжірибесімен бөлісті. Түрлі фото және бейнематериалдар ұсына отырып, «Рухани жаңғыру бағдарламасы асясындағы жас ұстаздың өзін жетілдіру» тақырыбындағы кездесуде жас мамандардың азаматтық ұстанымдары мен өздерін қаншалықты және мемлекетке қандай пайда берері туралы өзекті тақырыпты тілге тиек етті.
Ақсу қаласының педагогы, Жастар кеңесінің төрағасы Фархат Еңсебаев көшбасшылық туралы тыңғылықты ақпарат беріп, жетістікке жетудің жолдарын тәжірибе түрінде бөлісіп, жас мамандармен тренингтер өткізді.
Форум соңында белсенділік танытқан қатысушылар өз араларында Жайдарман ойынын өткізіп сайысқа түсті. Сөйте тұра, кәсіпте әрі өмірде кездесетін түйіткілдерін тек құрылтай барысында ғана емес, әзіл ойын сарынына да салып үлгерді. Әрине, қатысушылар ұйымдастырушыларға, өздерін түрлі қырдан танытуға ықпал ететін Павлодар облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына зор алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын танытты.
КОЖОКАР Виталий Александрович,«Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған
№8 мектеп-лицейі» ММ-нің география пәнінің мұғалімі, Жастар кеңесінің мүшесі
-
Фото
-