
ШҚО Жарма ауданында Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде білім беру мекемелері мен мектепгі дейінгі қызметкер арасында XX спартакиаданың ашылуы өтті
2018 жылдың 29-30 наурыз күндері ШҚО Жарма ауданында Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде білім беру мекемелері мен мектепгі дейінгі қызметкер арасында XX спартакиаданың ашылуы өтті. Биылғы спартакиада Жарма ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.
Шараның салтанатты ашылуында аудан әкімі Н.Сыдықов қатысушыларды құттықтап, сайыста сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, 15 ардагер ұстаз аудан әкімі Н.Сыдықов пен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрайымы Р.Сарсенбаеваның қолынан құрмет грамотасын, алғыс хат және бағалы сыйлықтарды алды.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі спорттық шараға барлығы 500-ден астам білім саласының қызметкерлері қатысты.
-
Фото
-