
«Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқаруды ұйымдастыру» тақырыбымен аудан білім мекемелері бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларының қатысуымен облыстық семинар өтті
Бүгін 9 сәуір 2018 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №270 ҒМұхамеджанов атындағы орта мектепте «Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқаруды ұйымдастыру» тақырыбымен аудан білім мекемелері бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларының қатысуымен облыстық семинар өтті.
Семинардың алғы сөзін білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Рысдаулет Ибрагимұлы Құдайбергенов ашып, кәсіподақтың қоғамдағы орны мен Ел Президентінің 2018 жылға "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауына және "Бес әлеуметтік бастама" атты үндеуіне тоқталып өтті. Облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Гүлнар Бабабекқызы Есқалиева кәсіподақ ұйымындағы негізгі құжаттардың мазмұны мен құрылымы, кәсіподақ жұмысының жаңа түрлері мен әдістері және кәсіподақтағы ақпараттық технологиялар туралы тың ақпараттармен бөлісті. Ал облыстық кәсіподақ комитетінің заңгерлері Өтегенова Нұргүл Сабырқызы мен Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру, сонымен қатар ұжымдық шартты орындау көрсеткіштері және оларды бақылау әдістері және жеке еңбек даулары, оларды шешу тәртібі жайлы толық мағлұмат берді. Бұл семинардан жаңадан сайланған кәсіподақ комитеті төрағаларымен қатар тәжірибесі мол бастауыш кәсіподақ кәсіподақ төрағалары да өз білімдерін толықтырып, жаңа заңдылықтармен танысты.
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы
-
Фото
-