
БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК
Студенттер кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай 31 наурыз – 3 сәуір аралығында "Сейхун" спорт кешенінде бокстан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, оқушылары арасында облыстық ашық біріншілік болып өтті.
Оған барлығы 87 студенттен құралған 14 команда қатысты. Қатысқан 87 студенттің 37-сі – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті.
Командалар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Болашақ" университеті, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Байқоңыр колледжі, Арал көпсалалы колледжі, "Абылай хан" жоғары колледжі, "Болашақ" университетінің колледжі, Агро-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледждерінен құралды.
Нәтижесінде әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды 7 студент, жүлделі ІІ орынды 6 студент, ал жүлделі ІІІ орынды 8 студент еншіледі.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
кәсіподақ ұйымының төрағасы Шәкизат Қаратайұлы
-
Фото
-