
СПОРТТА КЕЗДЕЙСОҚ ҰТЫС БОЛМАЙДЫ
Шарбақты аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы көктемгі каникул мерзімінде, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, білім беру қызметкерлерін жүйелі түрде дене шынықтыру мәдениетімен және спортпен айналысуға шақыру, білім беру ұжымы арасында спорттық достықтарын нығайту, жарыста мықты деген спортшыларды және командаларды анықтау мақсатында, Астананың 20-жылдығына, Павлодар облысының 80-жылдығына, Шарбақты ауданының 90-жылдығына арналған білім беру қызметкерлері арасында аудандық кәсіподақтық ХVI жазғы спартакиадасын өткізді. Ауданның 33 алғашқы кәсіподақ ұйымдарынан 357 білім беру қызметкерлері қатысты.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Неғманова Р.А., оқу бөлімінің басшысы Б.Т. Омарова, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрайымы А.Н. Сыздыкова қатысты. Қонақтар қатысушыларды айтулы оқиғаның басталуымен құттықтап қызықты ойын, көктемгі күндей көңіл күй және спортта жаңа жеңістерге қол жеткізуге тілек білдірді.
Спартакиаданыңашылу салтанатындаАбай мектебінің оқушылары қатысушылардың назарына флешмоб биін сыйласа, Әсем әншіміз Астана әнімен орындап берді. Командалардың жақсы көңіл күйін бірегей форма, эмблема және ұран көрсетіп тұрды.
Барлық спорт станцияларында басшылық төрешілер алқасына жүктелді. Жарыс спорттың 5 түрі: волейбол, асық ату, тоғыз-құмалақ, шахмат және үстел тенисі бойынша өткізілді. Ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатымен сайыстың қатарына ауданда көпшілікке танымал «асық ату» ойынын да қосты. Бұл ойын түрінен қатысушылардың да, жанкүйерлер тарапынан да үлкен қызғушылық туды.
Бұқаралық спорт мерекесі басынан аяғына дейін жарқын, көңілді және эмоциялық-әсерлі болды, жеңіске деген күреспен сүйемелденіп отырды.
Жалпы командалық есепте 2 жыл қатарынан Сосновка ЖОББМ командасы жеңімпаз атанып грамотамен және ауыспалы Кәсіподақ Кубогымен марапатталды, екінші орынды Жылыбұлақ ЖНББМ командасы иеленсе, жарыс есебінің үшінші орнында Есілбай ЖОББМ командасы.
Жеке біріншілікте жоғары спорттық жетістіктерді көрсетті: шахмат бойынша Галкин ЖОББМ мұғалімі – Е.Қ. Уздембаев және Хмельницкий мектеп-интернатының мұғалімі – Б.Т. Ғабдулғазизова, теннис бойынша Сосновка ЖОББМ мұғалімі – Шапулин А.К. пен Балдаурен балабақшасының аспазшысы Х.В. Сечина, асық ату бойынша Абай Құнанбаев атындағы ОЖББМ мұғалімі – Н.Т. Диқанбаев,Жаңа-ауыл ЖОББМ мұғалімі – А.Ж. Умергожин және Сосновка ЖОББМ мұғалімі - С.М. Жалғасбаев,тоғыз-құмалақ бойынша М.Қ. Танжанова Есілбай ЖОББМ мұғалімі және Арбиген ЖОББМ мұғалімі – Г.О. Есжанов.Жеке біріншіліктің жеңімпаздары грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Спартакиаданың жабылуында Сосновка ЖОББМ директоры Г.М. Букенова спортшылардың атынан ұйымдастырушыларға жақсы ұйымастырылған іс-шара үшін алғысын білдірді.
Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы өз тарапынан төрешілер алқасына алғысын білдіреді: 1 санаттағы төреші, волейбол бойынша төреші – Амангелді Садвакасович Бейсекеновке, тоғыз-құмалақ бойынша төреші – Берлян Рашитович Қакеновке, шахмат бойынша төреші – Ерболат Қайыртасович Уздембаевқа, үстел тенисі бойынша төреші – Қанатбек Ерсаинович Нукинге,асық ату бойынша төреші – Диқанбаев Нұрлыбек Торебекұлына.
А.Н. Сыздыкова, Шарбақты аудандықбілім
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-