.jpg)
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бір жылдық есеп беру жиналысы өтті
2018 жылдың 2-ші сәуір күні Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бір жылдық есеп беру жиналысы өтті.
Жиналысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әбенов, білім мекемелерінің басшылары, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Жиналыста білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кәсіподақ ұйымының жұмысына жақсы бағаларын беріп, өз ой-пікірлерін айтты.
Сонымен бірге облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова әлеуметтік әріптестік бойынша жасалып жатқан жұмыстар, кәсіподақтар тарапынан кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайларын, мүдделерін, құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары мен алдағы атқарылатын іс-шаралар мен міндеттерге тоқталып, нақты мысалдар айта отырып, түсіндіріп берді.
Жиналыс соңында жақсы жетістіктермен көрініп жүрген әлеуметтік әріптестер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» мен аудандық ұйым тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары А.Шахинмен, Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әбеновпен кездесіп, аудандағы білім мекемелеріндегі кіші қызметкерлердің медициналық тексеруден өту ақысын жергілікті бюджет есебінен төленуі және тағы да басқа сұрақтар бойыша әңгімелесіп, ауданның білім қызметкерлеріне қатысты бірқатар сұрақтар өз шешімін тапты.
Күннің екінші жартысында облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері А.Алимпиев ауданның білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына еңбек заңдылықтары мен жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиялары туралы семинар өткізді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова, заңгері А.Алимпиев және Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Бисенбайұлы бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, еңбек заңдылықтарының орындалуына қоғамдық бақылау өткізіп, ұжымдық шарт, жеке еңбек шарты, мұғалімдердің жүктемелерін қарап, кейбір құжаттарды толтыру жөнінде ескертіп, мерзімі көрсетілген актілер беріп, туындаған сұрақтарына жауаптар берді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-