Қаратал ауданындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы» тақырыбында кездесу өтті
Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Қаратал аудандық комитетінің төрағасы Асхат Исабаев Үштөбе қаласындағы №97 және «Балбөбек» балабақшаларының еңбекұжымымен кездесу өткізді. Ұжымдық шартта белгіленген әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын бақылау жасау мақсатында өткен кездесу кезінде екі тараптың, яғни әкімшілік және кәсіподақ ұйымы төрағаларының есептері тыңдалды.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші есебінен міндетті медициналық тексеруден өтуге және уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленуі тиіс жәрдемақының төленбейтіндігін жеткізді.
Қаратал аудандық комитетінің төрағасы Асхат Жеңісұлы медициналық тексеруден өтуге қажетті қаржыны бөлу мәселесі облыстық маслихаттың кезекті сессиясында қаралып, оңтайлы шешілетіндігін жеткізді.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі.
-
Фото
-