Қамқоршылық кеңесінің мүшелері «Айналайын» балалар үйінің жай - күйімен танысты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы оқу орындарының басшыларын өз мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі жүйелері мен қосалқы есіктерді тексеруге шақырды.
Осыған байланысты, 3 сәуір күні «Айналайын» балалар үйі жанындағы қамқоршылық кеңесі мүшелері балалар үйі ғимаратының жағдайымен танысты. Төтенше жағдайда шығатын қосалқы есіктердің жағдайы, электр желілері жай-күйінің тиісті деңгейде болуы, өрт жағдайында дабыл беретін автоматты жүйенің дұрыстығы, өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруына баса мән берілді.
Төтенше жағдайды болдырмау, алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде балалар үйінің басшылығына қолдану мерзімі өткен өртсөндіргіштерді ауыстыру және балалар үй тәрбиеленушілері арасында түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттігі ұсынылды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен өткен шараға білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының және «Айналайын» балалар үйі қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Әбдіқадыров, қоғамдық бірлестіктің еңбек қауіпсіздігі бойынша инспекторы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар басқармаларының мамандары қатысты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-