.jpg)
Мұғалімдерге берілген мүмкіндік
Ақтөбе облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің денсаулығына үлкен көңіл бөлуде. Бұл орайда облыстың бір топ мұғалімдері облыстық кәсіподақ есебінен санаторлық-курорттық мекемелерде дем алуға мүмкіндік алып, көктемгі каникул күндері суы шипа, ауасы ем «Меркі» шипажайына тегін жолдамамен дем алып келдік.
Шипажай тау арасына, Меркі өзенінің жағасында қоныс тепкендіктен табиғаты көркем, ауасы таза, суы шипалы. Оның басты ерекшелігі радонды минералды суында. Ем-шаралары да осыған сай, негізгі басымдық тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуге беріледі. Сондай-ақ, радон суы арқылы жүргізілетін ем-дом сүйек-буын, жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегіп жүргендерге де пайдалы екені даусыз. Бұл жерде барлық жағдай жасалған, мекеме қызметкерлері де емделушілерге мейірбандық танытып, ем алуда көмектерін аяған жоқ. Демалыс күндері Жамбыл қаласының көрікті жерлерін аралап, ескерткіштерге шипажай автобусымен саяхат жасадық. Бос уақытымызда караокемен ән салып, би алаңында би билеп, тау шатқалдарында серуендедік. Еліміздің түкпірінен келген адамдармен танысып, жаңа жылымыз - Наурыз тойын шипажай қызметкерлерімен бірге тойладық. Керемет демалып, өзімізге күш-жігер жинап қайттық. Аз уақыт болса да денсаулығымызға көңіл бөліп, бізге осындай жақсы мүмкіндік берген облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізден береке табыңыздар!
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мұханова Зинаида Қайратқызы
-
Фото
-