Жаркентте екікүндік ХХІІІ спартакиада өз мәресіне жетті
29-30 наурыз күндері білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруыменЖаркент қаласындағы №6, Жамбыл, Алтынсарин және Хамраев атындағы орта мектептерінің базасында ХХІІІ спартакиада өтті.
Көктемгі демалыс күндері ұйымдастырылып, дәстүрге айналған жарыстың мақсаты - ұстаздар арасында спортты насихаттау, бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараны білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлыашып, іріктеу кезеңі 26 наурызға дейін әр ауылдық округке қарасты білім мекемелерінде өткендігін, нәтижесінде кілең мықтылар ақтық сынға шығып, бақ сынамаққа жиналғандығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, бас төреші шараның өтілу барысымен таныстырды. «Биылғы спартакиада өткен жылдағылардан ерекше. Жекелеген ойын түрлерінен ардагер ұстаздарда назардан тыс қалмай дойбы ойынына қатыстырылды. Жарыстың әділ өтуі үшін бекітілген төрешілер бар», -дедіөз сөзінде бас төреші Ғалымжан Қалиұлы.
Екі күнге созылған жарыс барысында қатысушылар волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол, дойбы сынды спорт түрлеріненбақтарын сынап, бағы мен бабы қатар шапқан жеңімпаздарды анықтады.
Аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері де Спартакиадаға белсене қатысты. Айталық, дойбы ойынынан өткен жарыста ерлер арасында бірінші орынды Алмалы ауылынан М.Солтанаев, екінші орынды Пенжім ауылынан Б.Дүнгенбаев, үшінші орынды Ақжазық ауылынан И.Қарабалаев иеленді.
Командалық есепте волейболдан ерлер арасында Д.Рақышев атындағы мектептің командасы оза шапса, Жамбыл атындағы, Қорғас орта мектептері екінші және үшінші орындарды еншідеді. Әйелдер арасында №6, Д.Рақышев атындағы, Қастеев атындағы орта мектептер орындарды өзара бөлісті.
Екінші күні ерлер арасында өткізілген баскетбол жарысында Қожбанбет би, Қастеев, Розыбакиев атындағы орта мектептердің командалары жүлделі орындарды қанжығасына байлады.
Ақтық жарыстажекелеген ойын түрлері бойынша жеңімпаздар анықталып, кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
МАРЖАН ҚАЙРАТҚЫЗЫ,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
Талдықорған аумақтық ұйымыПанфилов аудандық кәсіподақ комитетінің маманы
-
Фото
-