«Жолдау жолымен - білім биігіне!»
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 29 науырыз күні Асқар Тоқмагамбетов атындағы мәдениет үйінде «Жолдау жолымен - білім биігіне!» атты облыстық білім қызметкерлерінің үгіт –насихат бригадалар байқауы өтті.
Еңсесі биік егеменді еліміздің болашақ ұрпағына білім мен тәрбие нәрін ұялатқан ұстаздар қауымы қай кезде болмасын қоғамның жаңашыл идеясын қолдаушы бірден бір тұлға. Елбасымыздың сарабдал саясатын ұрпақ тәрбиесіне сіңіруші, келешек қоғам негізін қалыптастырушы да ұстаздар.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі жолдауы халықтан қолдау тапты.
Мақсаты:«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – атты Елбасының жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыс ұстаздары арасында кеңінен насихаттау.
Байқауға облыс бойынша өткізілген сайыс қортындысымен 8 команда сахна төрінде бақ сынасты.
1. Арал ауданы «Самға» командасы.
2. Қазалы ауданы «Қорқыт жастары» командасы.
3. Қармақшы ауданы «Руханият» командасы.
4.Жалағаш ауданы «Білім тарландары» командасы.
5.Сырдария ауданы «Яксарт» командасы.
6.Шиелі ауданы «Алтын ғасыр» командасы.
7.Жаңақорған ауданы «Бәйтерек» командасы.
8.Қызылорда қаласы «Жаңа ғасыр» командасы.
Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік үгіт бригада» наминациясымен Қармақшы ауданының «Руханият» командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласына туристтік саяхатқа жолдама алды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданынның «Қорқыт жастары» командасы «Үздік насихаттаушы» номинациясымен, Шиелі ауданының «Алтын ғасыр» командасы «Үздік сценарий» номинациясымен, Қызылорда қаласының «Жаңа ғасыр» командасы «Ең үздік әуенді ұжым» номинациясымен, Арал ауданының «Самға» командасы «Үздік жанрлық ерекшелік» номинациясымен марапатталып, әр топтың белсенді насихаттаушы деп танылған мүшелеріне Астана қаласына туристтік саяхатқа жолдама тапсырылды.
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фото
-