
СЕНБІ КҮНІ МҰҒАЛІМДЕР ЖҰМЫСҚА ШЫҒУҒА ТИІС ПЕ?
Мереке қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында құралған арнайы ақпараттық-насихат тобы Байзақ ауданында болды.
Семинар барысында кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының жарғылық міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы Ерұлан Мағзымбеков айтып өтсе, «2018-2020 жылдарға қабылданған Әлеуметтік әріптестік актілерінің нормалары мен ережелері және оларды қолану тәртібі туралы» құқықтық қызметтің басшысы Берік Баймағамбетов, «Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу түйіткілдері мен педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа Ережесі» туралы Жанболат Орынбеков баяндады.
Сұрақ-жауап барысында «Сенбі күні мұғалімдер жұмысқа шығуға тиіс пе?» деген сауал төңірегінде талас туып, осы мәселе бойынша кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Берік Баймағамбетов толық мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру мақсатында оқуға жіберілген педагог кадрларға іс-сапар шығындарының төленуі, көшбасшылыққа байланысты біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектеп директорларына (9 айлық), мектеп тренерлеріне қосымша ақы төлену мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-