Жаркенттік ардагерлер Елбасының мақаласын қолдайды
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық комитеті Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен жуырда ғана жарияланған бес бастамасына қолдау білдіру мақсатында жиын өткізді.
Оған білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Молот Мұсаұлы, кеңес мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Жиынды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков жүргізіп, Елбасы ұсынған бағдарламалар мен бастамаларына тоқталып, Панфилов ауданы экономикалық даму жолында екенін айтып, атқарылған нәтижелі істерді тілге тиек етті. Аудандық кәсіподақ ұйымының алға қойған мақсат –міндеттерін айқындап берді.
Ал педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Молот Солтанаев өз сөзінде туған жерге деген сүйіспеншілік, тілге деген құрмет күннен күнге арттып жатқанын айтып, қалталы азаматтар аудан жұртшылығына ауыз су құбырларын тарту, жамағатқа мешіт салу, елді мекендердің ішкі жолдарын ретке келтіру сынды мәселелерді шешуге барынша атсалысып жатқандығын қуана жеткізді.
Ал, Байшатшаев атындағы орта мектептің директоры Сәулет Мырзахметметұлы латын әліпбиіне көшуге қатысты оң пікір білдірсе, Садыр орта мектебінің директоры Рахметолла Оразақынұлы Елбасының бастамаларын қолдап, сенімін ақтау әрбір азаматтың міндеті екендігін айтып, жиынды қорытындылады.
Маржан Қайратқызы,Алматы облысы,білім және ғылым
қызметкерлеріПанфилов аудандық кәсіподақкомитетінің маманы
-
Фото
-