БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕЙІРІМДІЛІК МҰЗАРТЫ» ТОК-ШОУЫ ӨТКІЗІЛД
2018 жылдың 28 ақпан күні Қ. Сәтбаев мектебінің базасында білім бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың қолдауы және Тасқала аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында қоғамдағы ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу, қыз бала тәрбиесі, жастарды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым қатынаста болуға тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік мұзарты» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Серікбайқызы, «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамбілінің жетекшісі, ардагер ұстаз Майра Абуқызы, аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы Жанар Нұрболатқызы, Оян ауылдық округінің басшысы Гүлжан Болатқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев және аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен жас мамандары қатысты.
Ток – шоу барысында арнайы шақырылған қонақтар қоғамдағы әйелдің алатын орны және қызметте басшы, үйдегі ана рөлі, «қазіргі қазақ қызы қандай болуы керек?» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, көрермендердің сауалдарына жауап берді.
Шақырылған қонақтар домбырамен ән айтып, монолог оқып, өз өнерлерін ортаға салып, тәлім – тәрбиелі, мағыналы кештің әсерлі өтуіне белсенді қатысты.
Тасқала аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләйлә Габбасова алғаш ұйымдастырылған ток – шоудың қонақтарына заттай естелік сыйлықтар табыс етіп, шараға қатысқан бастауыш кәсіподақ белсенділерінің жұмыстарына табыс тіледі.
ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фото
-