Ұстаз-Ана, Ұстаз-Ару, Ұстаз-нұр!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді. Шараға облыс бойынша білім саласының 100 ден аса қызметкерлері қатысты. Жоғары жетістікке жеткен ұстаздар қауымы қызыл кілем үстімен жүру мәртебесіне ие болып, «Жұлдызды шеру» ұйымдастырылды.
«Сыр–Алаштың Анасы» деген киелі сөзді бойтұмардай тәбәрік етіп, білім саласындағы әйел-аруларымыздың мәртебесін көтеріп жүрген облыстық маслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы білім саласының дамуына үлес қосқан бірқатар 70, 75 мерейтой иелерін, ардагерлерді, жоғары жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттап, ізгі лебізін білдірді.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы «Шеберлік шыңына шыққандар» «Жаңашыл ойлар жаршысы», «Өнер-білім шамын жаққан» номинациясымен білімберу ұйымында оқу - тәрбие қызметінің тиімділігін үнемі арттырып, жаңартып, сапасын жақсартып, жоғарыдеңгейдежұмыс жасап жүрген мектеп директорларын марапаттады.
Аймақ ұстаздарының тірлігін тиянақтап, бірлігін бекемдеп, ұстаздар мен шәкірттердің үндестігін ұялатып жүрген ұстаздар қауымының нағыз жанашыры, қолдаушысы облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы «Дарынға даналық дарытқан», «Бәйгеге дүлдүл баптаған», «Шәкіртті шебер шыңдаған» номинациясымен бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Мерекелік шарада Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жобасына енген облыстық оқу орталығының әдіскері Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы электронды туындысын презентациялады.
Сонымен қатарҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетенің «Кәсіптік оқыту» кафедрасының студенттері дайындаған «Korkyt Fashion» көктемдік пальто коллекциясы көрсетілді.Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілік көңілінен шықты.
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фото
-