Білім қызметкерлерінің қыздары арасында «Баскетболдан» аудандық жарыс өз мәресіне жетті
2018 жылдың 3 наурыз күні аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай білім қызметкерлерінің әйелдері арасында баскетболдан аудандық жарыс өз мәресіне жетті.
Жарыстың мақсаты: Білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, білім қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, білім қызметкерлерінің шеберлігін шыңдау, облыстық жарысқа аудан құрама командасы іріктеу, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін атап өту.
Жарысқа аудандағы жалпы білім беретін мектептерден 70-ге жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ІІІ орынды Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектеп командасы, ІІ орынды №80 мектеп-гимназия командасы, І орынды №274 мектеп командалары жеңіп алды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясымен - №80 мектеп-гимназия командасының ойыншысы Баекешова Айгерім, «Үздік шабуылшы» номинациясымен - Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектеп командасының ойыншысы Бақытжанова Ләйлә, «Үздік мерген ойыншы» номинациясымен - №274 мектеп командасының ойыншысы Оспанова Айгүл, «Үздік қорғаушы» номинациясымен – О.Шараяқұлы атындағы №30 орта мектеп командасының ойыншысы Косимбекова Шаттық марапатталды.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ерекешов
-
Фото
-