Өзекті мәселелерге ұйытқы болған кездесу
Ақпан айының 20-күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова мен облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы А.Серімбетов Ойыл ауданында іс-сапармен болды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова Ойыл ауданы әкімінің орынбасары А.Қазыбаевпен, Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Тлеповпен кездесіп, аудандағы білім мекемелеріндегі кіші қызметкерлердің медициналық тексеруден өту ақысын жергілікті бюджет есебінен төленуі және тағы да басқа сұрақтар бойыша әңгімелесіп, осының нәтижесінде ауданның білім қызметкерлеріне қатысты бірқатар сұрақтар өз шешімін тапты.
Сонымен қатар, Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Бектургановпен бірге Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы,Ж.Жүсіпалиев атындағы қазақ орта мектебі, «Балдырған» бала-бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, еңбек заңдылықтарының орындалуына қоғамдық бақылау өткізіп, туындаған сұрақтарына жауаптар берді.
-
Фото
-