Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті
2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасын орындау мақсатында 2018 жылдың ақпан айының 19 күні Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті.
Конференцияға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көш басшылары, білім беру мекемелерінің басшылары, барлығы 72 адам қатысты. Конференция жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы А.Серимбетов және Қобда ауданы әкімінің орынбасары Б.Кулов, Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықов қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде Қобда аудандық кәсіподақ ұйымының 2015-2017 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалып Қобда аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау сұрақтары қаралды.
Конференция барысында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалығына 2 кандидатура ұсынылып, нәтижесінде И.Білтабанов атындағы орта мектептің мұғалімі Ибраев Қуанышкерей Жолаевичтің кандидатурасы көпшіліктің ашық дауысымен бірауыздан кәсіподақ комитетінің төрағалығына сайланды.
Конференцияның соңында бірқатар кәсіподақ белсенділеріне облыстық кәсіподақ ұйымы марапаттары мен сыйлықтарын ұсынды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-