Үздік спортшы қызметкерлер анықталды
Университетіміздіңмәдени-спорт кешенінде «Ректор кубогі» үшін профессор-оқытушылар және қызметкерлер арасындағы дәстүрлі қысқы 66-шыспартакиаданыңжабылу салтанаты өтті.7 команда спорттың 8 түрі, атап айтқанда баскетбол, жүгіру, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, мылтық ату,волейбол, футзал бойынша бақтарын сынады.
Спартакиаданы өткізудегі басты мақсат – профессор-оқытушылар және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, жарыстың жеңімпаздарын анықтап, университетіміздің үздік спортшы қызметкерлерін анықтау болып табылады.
Бағдарлама бойынша әр сайыс түрінен командаларды проректорлар,факультетет декандары мен төрешілер, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Спартакиаданың өткізілуіне университеттің Қ.Сүндетов төрағалық ететін кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады. Сайыс қорытындысымен, баскетбол бойыншаІ орынды - Әкімшілік шаруашылық департаменті, үстел теннисіненІ орынды - Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті, жүгіру сайысы бойыншаІ орынды - Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті, шахмат ойыны бойыншаІ орынды - Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті иеленді.Сондай-ақ, арқан тарту сайысы бойыншаЭкономика және құқық факультеті, мылтық атуданЖаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті, футзал ойыны бойыншаІ орынды -Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, волейбол ойыны бойыншаІ орынды -Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті жеңіп алды.
Шара барысында Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абал Талтенов құттықтау сөзін сөйлеп, үздік ойыншылар мен жалпы командалық жүлделі орын алған командаларды марапаттады. Ал, жалпы командалық есептеГуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті 1-орынды иеленсе, Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетіІІ орынды -,-Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;ІІІ орынды місе тұтты.
Осылайша, университет профессор-оқытушылары тек білім беріп қана қоймай, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосып, жетістіктерге жетуде. Барша жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!
Алтынай Сәлімгерейқызы
-
Фото
-