
"Көшбасшылық+" тақырыбы бойынша қалалық семинар
2018 жылғы5 ақпанда Павлодар облысы, «Ақсу қаласының № 7 орта мектебі» КММ-нде «Білім және ғылым қызметкерлері Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ кәсіподақ жобалар сайысының аясында"Көшбасшылық+" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарды №7 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, информатика және физика мұғалімі Каирпану Канапьяновна Негманова өткізді.
Семинарға аумақтың 45 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары шақырылды, сондай-ақ осы семинарда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Баян Гаккуовна Бейсенова мен Ақсу қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Жауаш Күткенқызы Рүстем қатысты.
Әр көшбасшы қандай да болсын ұйымның күші – оның көшбасшысының күшінде екенін ұмытпау керек. Нақты айтқанда көшбасшылық көбінесе өмірдің шахмат тақтасындағы негізгі көрсеткіштермен байланысты деп айтуға болады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштерден, ең алдымен, қандай да болсын партияның нәтижесі байқалады, өйткені олар барлық жүйенің орталығы болып табылады. Көшбасшылар болу ықыласы және өздері жүйемен басқару көбінде бар, яғни, көшбасшы болып, бізде барынша көп мүмкіншіліктер мен перспектвалар ашылады, біз көп ресурстарға, біздің жағдайда адами ресурстарға қол жеткіземіз.
Бүгінгі күні кәсіптік көшбасшы қандай болу керек? Көшбасшы деген кім, оларда қандай қасиеттер болу керек? Осы сұрақтардың жауабын жұмыс барысында семинарға қатысушылар жаңа форматтағы, жаңа көзқарастар пайдаланылуымен ұсынылған тапсырмалар арқылы алды. Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары – көшбасшы табысының формуласын шығарды, «Көшбасшы сандығын» жинады. Әр топтың баяндамаларының шешімін шығарып, ол топтардың жұмысын толықтырып, қорытындылап отырды. Бола тұра семинардың әр қатысушысы көшбасшылық қасиеттерін көрсетті, көшбасшыға тиісті көндіру қабілеті дағдысына жаттықты. Қатысушылар ұсынылған материалдарға үлкен қызығушылық білдірді, атап айтқанда: әлемдік сарапшы Ицхан Адизестің «Көшбасшы деген не?» атты бейне сұхбаты. Кәсіподақ көшбасшысы кәсіподақ жұмысында өзіне пікірлес адамдар командасын іріктеп алу үшін "Табысқа апаратын жол" атты дәлелдейтін мультфильм көрсетілді.
Семинар жұмысының ортасында қатысушыларға кішігірім флеш-моб ұсынылды, оны №7 ОМ кәсіподақ комитетінің мүшесі Фариза Есенбаева – жас маман, кәсіподақ қозғалысын жаңғырту белсендісі өткізді.
Семинар қатысушылары арасындағы рефлексия мен кері байланыс "Паутина" және "Екі жұлдыз, бір тілек" стратегиялары арқылы позитивті, қызықты деңгейде өтті.
Өткізілген семинардың тақырыбы «Көшбасшылық+» білім беру бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағалары үшін өзекті болды, өйткені төрағалардың кейбіреуі өзгеруге, «алға жүруге», басқалары үшін үлгі болуға дайын емес. Басты тосқауылдың бірі қиындықтарды жеңуден қорқу, өзгеруге ықылас білдірмеу болып табылады. Ұйымдарда болашаққа деген өз көзқарастарын өзгертуге дайын пікірлес адамдар неғұрлым көп болса, біз, көшбасшы ретінде, өзімізден бастап, басқаларға үлгі болыумыз керек.
«Көшбасшылық мәні көзқарас қалыптастыру және адамдардың нақты бір тобын іс-әрекетке шабыттандыру» болып саналады.Әрбір қатысушы өзі үшін топта жұмыс істеген кезде қарым-қатынас құруды білуге, өзін-өзі бағалау қалыптасатынына көзі жетті. Жұмыс барысында әр топтың қатысушыларында көшбасшылық қасиеттер көрінді.
Осы семинардың түрлі ұрпақ қатысушылары шабыттанып, өз ойларын ашық, өз еркімен жеткізіп, көшбасшы қабілеттерін көрсетті, ынтымақтастық қуанышын жеткізе білді.
Семинар «көшбасшылық» тақырыбының негізгі идеясын ашуға мүмкіндік туғызды, ол осы іс-шараны ұйымдастырудың басынан көрінді, мектептің кәсіподақ комитетінің барлық қатысушылары жұмылдырылды және әрқайсысы өз үлесін қосты. Осыған орай кәсіподақ көшбасшысы командадағы үйлестірілген жұмысты көрсетті.
Негманова Каирпану,Ақсу қаласының №7 орта
мектебініңбастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-