
Кәсіподақтағы келелі келісімдер
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Ескалиева Гүлнар мен №212 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Омарова Гүлзира «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының « Жаңа күн» тікелей эфирінде сұхбат берді.
Гүлнар Бабабекқызы сұхбат барысында « Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңының және Еңбек кодексінің жаңадан қабылдануына байланысты Салалық комиссияның шешімімен «Еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы», «Өндірістік кеңес туралы», «Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы» ережелері бекітілген болатын және соның негізінде нақты жұмыстар жүргізудеміз»- деп баяндады.
Сонымен қатар, Елбасының Жолдауын насихаттау барысында білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбында Үгіт-насихат бригадалары облыстық байқауының өтетіндігін жеткізді.
Тікелей эфир барысында Г.Ескалиева кәсіподақтың жалпы атқарып жатқан жұмысына да тоқтала өтті. Еңбек қатынасы бар жерде жұмыс беруші мен жұмыскер арасында көптеген мәселелер туындап жатады, атап айтар болсақ сағат бөлінісі, іссапар шығындарының, еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны үшін еңбектеріне ақы төленбеу жағдайларында кәсіподақтың араласуымен мәселе оң шешімін тауып жатады. Осыған сәйкес білім беру ұйымдарының басшыларына, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына құқықтық сауаттандыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілетінін және мәдени-спорттық, ұйымдастыру жұмыстары бойынша дәстүрлі наурыз шапағаты, КВН, спартакиадалар да өткізілетінін атап өтті.
№212 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Омарова Гүлзира жұмыс беруші арасында 2016-2018 жылдарға жасаған ұжымдық шарт ережелерінің негізгі жерлеріне тоқталды:
-оқу жылының ішінде зейнеткерлік жасқа толған мұғалімдерге оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді.
-педагог қызметкерге толық жүктеме, яғни он сегіз сағат берілуіне ықпал жасалып,қызметкерлердің сағаты толық болмайынша сырттан мұғалім алмау бағытында жұмыстар жасалды.
-лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мадақтаудың мына түрлері қолданылды:алғыс жариялау; ақшалай сыйақы; бағалы сыйлық; құрмет грамотасымен мадақтау; қызметте жоғарылату; еңбек кітапшасына енгізілетінін атап өтті.
Құқықтық қызмет жөніндегі бас маман Утегенова Н.С.
-
Фото
-