
Әлеуметтік әріптестік – басты назарда
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитетінің төрайымы Сағымбала Төкенова Балпық би кенті «Жұлдыз» балабақшасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының тыныс тіршілігімен танысып, мүшелерімен жүздесті. Кездесу барысында еңбек ұжымындағы кәсіподақ ұйымына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ұжымдық шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, кәсіподаққа жастардың белсенді бөлігін тарту, оларды кәсіподақтың кадрлық потенциалына ұсыну, бастауыш ұйымының жұмысын ақпараттандыру, ретті және жүйелі жұмыс жүргізу.
Сонымен қатар, балабақшада мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында кеш өтті. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойына отансүйгіштік сезімдерін ұялату мақсатында өткен шараға білім саласының ардагерлері К.Жұмағұлова, Н.Фадеева, кәсіподақ мүшелері қатысты.
Шара барысында «Қазақ елінің тарихи кезеңдері» тақырыбында слайд көрсетіліп, қонақтарға кәсіподақ мүшелері және балабақша тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, балабақша қызметкері Бағдат Достыбаева Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай шығарған арнауын оқыды.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы
Талдықорған аумақтықұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-