
Талдықорғанда «Талантыңмен таныл» атты байқау өтті
Дәстүрлі өнерді насихаттау, кәсіподақ мүшелері арасында дарынды тұлғаларды анықтау мақсатында Талдықорған қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №7 балабақшада«Талантыңмен таныл» атты байқау өтті. Өнер сайысына балабақша қызметкерлері белсене қатысып, түрлі аспапта ойнау, дәстүрлі ән, көркем сөз, сахналық қойылым, би өнері, ақындық өнер, қол өнері, бейнелеу өнері жанрлары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Байқауға қалалық кәсіподақ комитетінің маманы А.Жөнкебаева, балабақша меңгерішісі Ұ.Мәмекова және қалалық білім бөлімінің әдіскері С.Бекбергенова төрелік етіп, білікті де білімді, сегіз қырлы, бір сырлы қызметкерді анықтауға тырысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша үш жүлделі орын беріліп, 8 номинация бойынша қорытынды шығарылды.
Қызықты әрі тартысты өткен байқау нәтижесі бойынша қалалық кәсіподақ комитетінің бас маманы А.Жөнкебаева қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етті.Жалпы шараға 83 кәсіподақ мүшесі қатысты.
Соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанбайқауды ұйымдастырушы кәсіподақ комитеті мен бастауыш ұйым төрағасына алғыстарын білдірді.
АЙГҮЛ ЖӨНКЕБАЕВА,Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған қалалықкомитетінің маманы
-
Фото
-