Талдықорған қаласы № 12 «Бәйтерек» бөбекжайында «Қыс қызығы»атты спорттық шара өтті
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №12 «Байтерек» бөбекжайындағы кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Қыс қызығы» атты спорттық шара өтті.
Жарыстың мақсаты – Елбасы Жолдлауына қолдау білдіру, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, кәсіподақ мүшелерін ұйымшылдыққа баулу.
Сайысқа қатысушылар жеребе тастау арқылы «Барыс» және «Қыран» атты екі топқа бөлінді.
Жарыс 7 кезеңнен тұрды:
- Таныстыру - «Кім зерек?»
- Шаңғы ойыны.
- «Кім шапшаң ?»
- Арқан тартыс.
- «Кім епті?»
- «Кім жылдам?»
7. Бәрекелді.
Аталған кезеңдер бойынша сайысқа түскен спортшылар өз шеберліктері мен ептіліктерін көрсете білді. Жарыс соңында жоғары балл жинаған «Барыс» тобы 1-ші орынды, ал «Қыран» тобы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, жеңімпаздар бастауыш кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс өте қызықты өтті, қатысушылар жоғары көңіл – күйде болып, ризашылықтарын білдірді.
Осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
АЙГҮЛ ЖӨНКЕБАЕВА,Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған қалалықкомитетінің маманы
-
Фото
-