Кәсіподақ жұмысын заманауи жаңғырту
7 ақпан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық ұйымының жұмыс жоспарына сай Көксу ауданында «Кәсіподақ мүшесінің құқығын қорғаудағы кәсіподақ ұйымының рөлі» атты семинар өтті.
Семинарға Көксу аудандық комитетінің төрайымы С.Төкенова, Талдықорған аумақтық ұйымының құқықтық жұмысы жөніндегі бас маманы Ә.Тұрдығұлов, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Шара барысындабастауыш кәсіподақ ұйымының рөлін нығайту, кәсіподақ жетекшілерінің еңбек даулары туындаған кездегі ұстанымы, құқықтық сұрақтарды талқылау және шешу, кәсіподақ жетекшісінің мәртебесі сияқты мәселелер көтерілді.
Семинарда аумақтық ұйымының заңгері Әсет Тұрдығұлов«Кәсіподақ мүшесінің құқығын қорғаудағы кәсіподақ ұйымының рөлі» тақырыбына баяндама жасап, кәсіподақ саласындағы өзгерістер, қоғамдық бірлестіктің жұмысын заман ағымына сәйкестендіру, бастауыш кәсіподақ ұйымының атқаратын рөлі жайлы еңбек заңнамасына сәйкес құқықтық ақпарат берді.
Сонымен қатар, №2 М.Құрманова атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Беркімбаева, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасыЗ.Омарова, Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Нүсіпжановкәсіподақ мүшелерін құқықтық тұрғыдан қорғау, оларға заңгерлік көмек көрсету бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.
Сондай ақ, кездесу кезінде медициналық тексеруден тегін өткізу мәселесікөтерілді. Талдықорған аумақтық ұйымының өкілдері тиісінше бүгінгі күні осы өзекті мәселені шешу мақсатында облыстық прокуратурамен бірлесе жұмыс жүргізіп жатқандығын жеткізді.
Оқыту семинары Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылы Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті және шараға 43бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-