
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – ұжымның тірегі
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ақсу аудандық комитетінің төрағасы А.Маралов Кеңғарын негізгі орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіподақ ұйымының көшбасшысы ұстаздардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауда аудандық комитет тарапынан атқарылған шараларға тоқталып, алға қойған мақсат-міндеттермен бөлісті. Сонымен қатар, жас ұстаздарды қолдау мақсатында бюджеттен бөлінген қаржының мөлшері, жүктеме белгіленген нормаға дейін жеткізілген жағдайда қосымша берілетін сағат санының көлемі,бала күтіміне байланысты демалыс уақытының ұзақтығы сияқты кәсіподақ мүшелерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, еңбек заңнамасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда келісім комиссиясына жүгіну қажеттігін айтты.
Кездесу соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Мараловбастауыш ұйымның іс-құжаттарымен танысып, ұйым төрағасы Қ.Мәженовағаәдістемелік көмек көрсетті. Әлеуметтік әріптестік комиссиясының және техникалық инспектордың жұмысын жандандыру керек екендігін, іс қағаздарын, оның ішінде жиын хаттамалары мен қаулыларын, жұмыс жоспарларын, жарна бойынша қаржылық құжаттарын бекітілген номенклатураға сәйкестендіру қажеттігін ескертті.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
Талдықорған аумақтықұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-