
«Танымы биік тұлға»
Маңғыстау ауданының «Құрметті азаматы», «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ұзақ жылдар білім саласында басшылық қызметтер атқарған абыз-ақсақал Қуанбаев Аралбайдың 80 жасқа толуына арналған, аудан әкімшілігі, білім бөлімі, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарымен бірлескен «Танымы биік тұлға» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шараға А. Қуанбаевпен қызметтес болған облыс, аудан көлемінде ел-ағалары, ардагер ұстаздар шақырылды. Аудандық кәсіподақ төрайымы Дина Ақжанова ардагер ұстаздың өмірімен таныстыра келе, мерей-тойымен құттықтады. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Ж. Айтуаров алса, келесі сөз кезегі әріптес замандастары, ізбасар шәкірттері өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың ән шашуына ұласты.
Дина АҚЖАНОВА,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Маңғыстау аудандық
филиалының төрайымы.