.jpg)
Ұлы Отан соғысының ардагері Туюшев Рафкат Ахмедұлы атындағы аудандық дәстүрлі допты хоккей турнирі өз мәресіне жетті
Рухани жаңғыруға бет бұрған ел болашағы өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматтарын үлгі етуден басталады. Осындай ұлы азаматтардың бірі, өзінің санаулы ғұмырын азаттық жолына арнаған жерлесіміз – Рафкат Туюшев атындағы аудандық допты хоккей турнирі биыл да өз жалғасын тапты.
Допты хоккей турнирі Шалқар аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 18-20 қаңтар күндері аралығында Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейінде өтті. Турнирге оқушылар мен ұстаздар арасындағы 7 команда қатысты.

Салтанатты шараның ашылу және жабылу рәсімдеріне аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы Г.Махат, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Данабеков, Туюшев Рафкат Ахмедұлының баласы, ардагер ұстаз – Туюшев Равиль Рафкатұлы және аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Н.Шойғарин қатысты.
Аталмыш турнирде ерекше ойын үлгісімен танылған «І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп», «№2 мектеп-гимназиясы», «Юность» командалары «Алғыс хатпен» марапатталды. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға арнайы естелік алқа және аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар табыс етілді.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
№5 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Қоңырбаева
№5 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Қоңырбаева
-
Фото
-