
Талдықорғандық ұстаздар Елбасы Жолдауын қолдайды
Елбасының«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты ЖолдауыТалдықорған өңіріндегі білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелері арасында қызу талқылануда.
Осыған орай, Талдықорған қалалық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің отырысы өткен болатын. Алқалы жиынға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымыныңтөрағасы С.Әбдіқадыров, қалалық атқару комитетінің мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.Отырыста қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Қ.Қысталасова Жолдауда білім саласына қатысты айтылған басымдықтарды нақтылап, маңызды құжатты жүзеге асыру барысында кәсіподақтарға жүктелген міндеттерге тоқталды. «Елбасының ізгі қадамдарын егеменді еліміздің ертеңі үшін қолдап, жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл барлығымыздың міндетіміз. Талдықорған қалалық кәсіподақ комитеті, барлық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен белсенділері Жолдауды қолдайды», – деді өз баяндамасында Құралай Жағыпарқызы.
Жарыссөзге қатысқан №4 орта мектептің директоры А.Оңғаров, №23 орта мектептің директоры Г.Сыдыбаева, дарынды балаларға арналған №24 арнаулы лицейдің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Камидолданова, №25 орта мектептің мұғалімі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш.Ченемесовалар да Елбасының бұл Жолдауы елдің өсіп, өркендеуіне, дамуына бастайтын басты қадам екендігін жеткізді. Сонымен қатар, өз білім беру ошақтарында жеткен жетістіктеріне, атқарылған жұмысқа тоқтала кетті. Отырыс соңында кәсіподақ мүшелері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алып, Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Айта кететіні, Талдықорған қаласы бойынша 2016-17 жылдарда 1567 ұстаз біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 370 мұғалім - ағылшын тілінен, 359 - қысқа мерзімді, ал 37 мұғалім – деңгейлік курстардан өткен. Сонымен қатар, 25 мектеп директоры,16 – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 686 педагог, 93 мектеп тренерлері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Бұл қала бойынша мұғалімдердің 70% құрайды, ал 2018 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1000 мұғалім өз білімдерін жетілдіреді деп жоспарланған. Ал 2016-17 оқу жылында Талдықорған қаласы бойынша барлық білім беру мекемелерінде 1 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасына көшсе, 2017-18 оқу жыылында 1-2 және 5,7 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын болады.
АЙГҮЛ ТЕМІРҒАЛИҚЫЗЫ,Талдықорған
қалалық кәсіподақкомитетінің маманы
қалалық кәсіподақкомитетінің маманы
-
Фото
-